Ол қазақстандықтардың қандай заң бұзушылықтарға жол бергенін де түсіндірді.
"Сайлау науқаны басталғалы бері министрлік Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң талаптарын бұзу белгілері бар материалдарды таратудың шамамен 21 фактісін анықтады. Оның негізгі бөлігі бұған құқығы жоқ тұлғалардың қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуімен, сондай-ақ заңнамада оларды жариялауға тыйым салынған кезеңде қоғамдық пікір сауалнамаларының нәтижелері қамтылған материалдарды орналастырумен байланысты", – деді Қанат Ысқақов.
Оның айтуынша, қалған заң бұзушылықтар материалдарды дұрыс таңбаламауға немесе мүлде таңбаламауға қатысты.
"Алдымызда тыныштық күні мен дауыс беру күні тұр. Бұл күндері де заң бұзушылықтар болады деп күтпейміз. Сондықтан ондай жағдайға жол берілмейді деп сенеміз", – деп қосты вице-министр.