Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 22 және 23 тамыз

Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 21 тамыз сағат 17:00-де шетел валюталары бойынша кешкі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 457,62 теңгені құрады. Бұл – 0,28 теңгеге жоғары.

Еуроның орташа сараланған бағамы 536,71 теңге болып, 2,43 теңгеге өсті.

Рубльдің бағамы 5,52 теңгеге дейін көтерілді.

Ал күндізгі сауда-саттық қорытындысында қытай юанінің бағамы 67,89 теңге болды. Бұл – 0,37 теңгеге төмен.

Айырбастау пункттерінде долларды 460-463 теңгеден сатып алып, 460-463 теңгеден сатып жатыр. Еуро 532-540 теңге аралығында, рубль 5,31-5,43 теңге аралығында саудаланып жатыр.

21 тамыз күні таңертең Қазақстан Ұлттық банкі ресми бағамды белгіледі. Оған сәйкес, доллар – 465,08 теңге, еуро – 536,52 теңге, рубль – 5,56 теңге.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Құрылтайда шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы заң жобасы таныстырылды

Қазақстанда қырғызстандық студенттерді заңсыз криптовалюта операцияларына тартқан

Бас прокуратура мәслихат сайлауы қарсаңында мәлімдеме жасады

Тоқаев AI Journey 2026 халықаралық жасанды интеллект конференциясында не айтты

Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт туралы жаңа мәліметтер белгілі болды