Қалың қар мен аяз: Алматыда алдағы күндері ауа райы өзгереді
Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Баян Қанаеваның айтуынша, алдағы жеті күнде мегаполисте күн суытып, артынша мол жауын-шашын түседі.
"Алматы мен оған іргелес таулы аудандарда қарашаның соңы мен желтоқсанның басында ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түсіп, тұман түседі және ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Қалада ең мол жауын-шашын 1-2 желтоқсанда, ал таулы аймақтарда 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында болады", – деді Баян Қанаева.
Демалыс күндерінің басында, 28 қарашаға қараған түні Алматыда жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын түседі. 29 қарашада жауын-шашын болмайды. Осы күндері түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0...+3°C, күндіз +6...+8°C болады.
30 қарашада таңертең және күндіз қайтадан жаңбыр мен қар жауып, мезгіл-мезгіл тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +5...+7°C-қа дейін төмендейді.
1-2 желтоқсанда күн бұлтты болып, жауын-шашын түседі. 1 желтоқсан күндіз және 2 желтоқсанда кей уақыттарда қатты жаңбыр мен қар жауады. Тұман сақталып, жел екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 0...+2°C, күндіз +4...+6°C болады.
3-4 желтоқсанда Алматыда мезгіл-мезгіл, негізінен қар түрінде жауын-шашын түседі. Тұман болады. Түнде ауа температурасы 0...-2°C-қа дейін төмендеп, күндіз +3...+5°C шамасында болады. Кей жерлерде температура бұдан да төмендеуі мүмкін. Мұндай жағдайда жолдар мен тротуарлардың су тиген бөліктері қатып, көктайғақ пайда болуы ықтимал.
"Қаланың таулы аудандарында ауа райы бұдан да күрделі болады. 29 қарашада жауын-шашын түсіп, түнде қар жауады. 30 қараша күндіз қатты жауын-шашын, ал 1-2 желтоқсанда кей уақыттарда қалың қар жауады. 3-4 желтоқсанда да қар сақталады. Болжамды кезеңде тұман түсіп, көктайғақ болады. Таулы аймақтарда жел екпіні секундына 15-20 метрге, ал 30 қараша мен 1 желтоқсанда кей уақыттарда 25 метрге дейін жетеді", – деді Баян Қанаева.
Мамандар Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына ылғалды ауа райы мен күннің суытуын ескеріп киінуге, табаны таймайтын, су өткізбейтін аяқ киім таңдауға кеңес береді.
"Тұман түсіп, қатты жауын-шашын кезінде көріну қашықтығы нашарлайды. Сондықтан жүргізушілер жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы қашықтықты ұлғайтуы керек. Ал жаяу жүргіншілер жолдан өтерде барынша мұқият болғаны жөн", – деп ескертті гидрометеорологиялық орталық өкілдері.
Бұдан бөлек, белсенді демалысты ұнататындарға қатты жауын-шашын мен жел кезінде, әсіресе 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында тауға шығуды және биік таулы бағыттармен жүруді кейінге қалдыру ұсынылды. Қар, тұман мен көктайғақ бағыттан жаңылуға себеп болып, соқпақтар мен тауға апаратын жолдарды тайғақ етуі мүмкін.
"Жолға шығар алдында "Қазгидрометтің" ауа райы болжамы мен дауылды ескертулерін нақтылап, төтенше жағдайлар қызметінің хабарламаларына және тау курорттарының жұмысына қатысты ақпаратқа назар аудару қажет. Ауа райы нашарласа, сапарды жалғастырудан бас тартқан жөн", – деп толықтырды синоптик.
Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 28 қараша – 4 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамы:
28 қараша: Аспанды ала бұлт басады. Түнде жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын түседі. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +6...+8°C.
29 қараша: Аспанды ала бұлт басады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +6...+8°C.
30 қараша: Аспанды ала бұлт басады. Таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауады. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +5...+7°C.
1 желтоқсан: Аспанды бұлт торлайды, жауын-шашын түседі. Күндіз кей уақыттарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады. Тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +4...+6°C.
2 желтоқсан: Аспанды бұлт торлайды. Жаңбыр мен қар жауып, кей уақыттарда қатты жауын-шашын болады. Тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +4...+6°C.
3-4 желтоқсан: Аспанды бұлт торлайды. Кей уақыттарда, негізінен қар түрінде жауын-шашын түседі. Тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0...-2°C, күндіз +3...+5°C.