Астанада 83 көлік пен арнайы техниканы аукционға шығару жоспарланып отыр

Фото: pixabay
2026 жылғы 21 тамызда мәслихат отырысында Қалалық активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы Жандос Дәулетов мемлекеттік органдардың ескі техникаларын аукцион арқылы сатуға шығару жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жандос Дәулетовтің айтуынша, әкімдік басқармалары мен оған қарасты ұйымдар бұдан былай пайдаланылмайтын немесе жарамсыз мүліктерді есептен шығаруды ұсынған.

"Біз оларды сатылымға шығаруды ұсынамыз. Бұл қала бюджетін толықтырып, бюджетке қосымша түсім түсіруге мүмкіндік береді. Жекешелендіру E-qazyna веб-порталы арқылы аукцион немесе тендер форматында жүргізіледі", – деді ол.

Жалпы, оның айтуынша, сатылымға 83 автокөлік пен арнайы техника шығарылады.

"Слайдтан көріп отырғандарыңыздай, бұл – ескі көліктер", – деп қосты ол.

Сондай-ақ Сембинов көшесі, 1/6 мекенжайында орналасқан жер учаскесі бар тұрғын үйді де аукционға шығару жоспарланып отыр.

"Біз оны өз баланымызға қабылдап, кейін жекешелендіруді ұсынамыз. Бұл – ескі үй. 2012 жылы "Жаңа Құрылыс" компаниясынан мемлекеттік меншікке қабылданған. Инвесторға оны іске асыру үшін аукционға шығаруымыз керек. Бағалауын жүргізіп, соған сәйкес бастапқы құнын белгілейміз. Үйдің ауданы – 82 шаршы метр. Жер учаскесінің көлемі – төрт немесе бес сотық. Ғимараттың құны – 12 млн теңге, жер учаскесінің құны – 29 млн теңге", – деді Жандос Дәулетов.

Бұдан бөлек, Алматы ауданының әкімдігі 164 сауда павильонын жекешелендіру туралы хат жолдаған. Олар кезінде аудан аумағына заңсыз орналастырылған. Сот шешімінен кейін павильондар бұзылып, аудан әкімдігінің балансына берілген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін