Алматы облысы: оңтүстігінде аздаған жаңбыр, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 17 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, кей уақытта екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батысында, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысында күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстігінде күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар. Ақтөбе қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғып, күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Батысы мен оңтүстігінде күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар. Орал қаласында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз 35-37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батысы мен солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі бар. Қостанай қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-18 м/с болады.
Абай облысының солтүстігі мен орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығысында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Батысы мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында түнде және таңертең аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, батысында, солтүстігінде және таулы әрі тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде, оңтүстігі мен таулы аудандарында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында жоғары өрт қаупі бар. Тараз қаласында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, солтүстігінде аздаған жаңбыр күтіледі. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.