Ерекше жұп сайлау комиссиясы мүшелері мен сайлаушылардың назарын аударды.
"Дауыс беруді кейінге қалдырмай, сайлау учаскесіне таңертең ерте келуді жөн көрдім", – деді астаналық бойжеткен.
Құжаттары тексерілгеннен кейін бойжеткен бюллетень алып, дауыс беру кабинасында өз таңдауын жасады. Ал онымен бірге келген адамға ұқсас робот сайлау учаскесінде болған уақыт бойы жанынан табылды.
Осылайша, елордадағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беру күні ерекше көрініспен басталды.