Құрылтай есімді азамат Алматыдағы сайлаушылардың назарын аударды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы тұрғыны Құрылтай Сәткенбаев Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу үшін Бостандық ауданындағы №294 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда Құрылтай есімді небәрі екі адам тұрады. Солардың бірі бүгін Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді.

"Сайлау туралы жаңалықтардан өз есімін жиі естіген соң, мұндай тарихи оқиғадан қалыс қалмауды жөн көрген шығар", – деп әзілдеді өзге сайлаушылар.

Айта кетейік, Алматыда сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап кейбірінде дауыс беруге келген тұрғындар кезекке тұрды. Сондай-ақ Бостандық ауданындағы №70 мектепте орналасқан №294 сайлау учаскесіне футбол аңыздары Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың бейнесіндегі алып қуыршақтар келіп, көпшіліктің назарын аударды.

Қазақстан
Құрылтай
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін