Төртеуі де егіз: Ақтауда ерекше отбасы сайлауда дауыс берді

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылғы 23 тамызда Ақтаудағы №66 сайлау учаскесіне бірден екі жұп егіз келіп, дауыс берді. Егіз ағайынды Төребек пен Жолдасбек Төлепбергенұлы сайлауға егіз апалы-сіңлілі жұбайларымен бірге қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туыстық қатынас қана емес, ерекше отбасылық тарих тоғыстырған екі отбасы сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауын жасады.

Төребек Төлепбергенұлының айтуынша, сайлауға бүкіл отбасымен қатысудың олар үшін маңызы ерекше.

"Елдің болашағына қатысты маңызды оқиғадан шет қалмау біз үшін маңызды. Бүгін отбасымызбен бірге келіп, өз таңдауымызды жасап, азаматтық ұстанымымызды білдірдік", – деді ол.

Төребектің жұбайы Асыл Биназарова да сайлауға қатысуды өзінің азаматтық борышы санайтынын атап өтті.

Осылайша, Ақтаудағы сайлау учаскелерінің бірінде ерекше отбасылық тарихы бар төрт адам – егіз ағайындылар мен олардың егіз жұбайлары бірге дауыс берді.

Қазақстан
Ақтау
Құрылтай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

Ақтөбелік шебер Әбілқайыр ханның мөрін қайта жасап шықты

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Әскери қызметшілерге ақшалай үлесақы мен төлемдерді төлеу қағидалары өзгерді: бұл кімдерге қатысты

Тарихи күн: Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы басталды