Алматы әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді

Сурет: Instagram/darkhan_satybaldy_official и akimat_almaty
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды бүгін, 2026 жылғы 23 тамызда, Құрылтай депутаттарының тарихи сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды.

"Құрметті қала тұрғындары! Біз тарихи сәттің – Құрылтайдың алғашқы сайлауының қатысушысы болып отырмыз. Еліміз өзінің саяси тарихында мүлде жаңа парақ ашты", – деп жазды Дархан Сатыбалды.

Әкім Мемлекет басшысының сөзін еске салып, алматылықтарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алдындағы үндеуінде атап өткендей, болашағымыз әрқайсымыздың саналы таңдауымызға байланысты. Қазақстанның ертең қандай болатыны әр азаматтың жауапкершілігі мен бастамашылдығына тікелей байланысты", – деді ол.

Бұған дейін Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауында Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің дауыс бергені хабарланған еді.

Қазақстан
Құрылтай
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін