Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сайлауда дауыс берді

Сурет: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдегі сайлау учаскелерінің бірінде Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір басшысы бүгін ел үшін маңызды күн екенін атап өтті. Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін қазақстандықтар алғаш рет елдің бір палаталы Парламенті – Құрылтай депутаттарын сайлап жатыр.

Ермағанбет Бөлекпаев әрбір азамат сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасау арқылы бұл үдеріске үлес қоса алатынын айтты. Сондай-ақ ол жастарға арнайы үндеу жасап, олардың сайлауға белсенді қатысуы мен азаматтық жауапкершілігінің маңызын атап өтті.

Бүгін Қарағанды облысында 639 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Алғаш рет оның төртеуі тікелей өнеркәсіп кәсіпорындарының аумағында ашылды. Оның екеуі – Qarmet кәсіпорнында, біреуі – Балқаштағы Kazakhmys Smelting кәсіпорнында, тағы біреуі Нұра ауданындағы "Шұбаркөл Көмір" кәсіпорнында орналасқан.

Мұндай мүмкіндік өндіріс қызметкерлеріне жұмыстан қол үзбей, сайлау құқығын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Өңірде барлық тұрғынның, соның ішінде сайлау күні жұмыс орнында жүрген азаматтардың да дауыс беруіне қажетті жағдай жасалған.

Қазақстан
Қарағанды
Құрылтай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Алматыда полицейлер көлікпен электросамокат мінген жасөспірімдердің ізіне түсті