Қарағанды облысының тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып жатыр

Сурет: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
23 тамызда Қарағанды облысының тұрғындары Құрылтай депутаттарын сайлауға белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, таңертеңнен бастап өңірдің қалалары мен аудандарындағы сайлау учаскелеріне тұрғындар көптеп келіп жатыр.

"Дауыс берушілер арасында жастар, аға буын өкілдері, еңбек ұжымдары мен қоғам белсенділері бар", – делінген хабарламада.

Сайлау учаскелерінде қалыпты әрі жайлы ахуал сақталған. Тұрғындардың көбі дауыс беруге отбасымен бірге келіп, ел үшін маңызды саяси науқанда азаматтық белсенділік танытып жатыр.

"Дауыс беру жалғасып жатыр. Қарағанды облысындағы сайлау учаскелері белгіленген тәртіппен жұмыс істеп тұр", – деп хабарлады әкімдік.

Қазақстан
Қарағанды
Құрылтай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Алматыда полицейлер көлікпен электросамокат мінген жасөспірімдердің ізіне түсті