Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді

Сурет: Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 23 тамызда Тәуелсіздік сарайында өткен брифингте процестерді цифрландыру аясындағы жаңа міндеттер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын еске салды.

"Мен бұл туралы Жолдауымда да айтамын. Біз цифрлық мемлекет құрудың бірінші кезеңінен – цифрлық қызметтер көрсететін мемлекет қалыптастыру кезеңінен өттік. Басқа елдермен салыстырғанда өміріміздің айтарлықтай жеңілдегенін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Үйден шықпай-ақ, бұрын көп уақытты қажет ететін, түрлі мекемелерге баруды талап ететін және тағы басқа көптеген мәселелерді шеше аласыздар. Сондықтан цифрлық сервис мемлекеті – қажетті кезең. Қазір біз екінші кезеңге өтіп жатырмыз. Мен Үкіметке цифрландырудың халықаралық келіссөздер жүргізу және таныстырылымдар өткізумен ғана шектелетін кезеңінде ұзақ кідірмей, әрі қарай жылжуды тапсырдым", – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда цифрландыру мен жасанды интеллектіні еліміздің барлық азаматтарының игілігіне пайдалану қажет.

"Қарапайым тілмен айтқанда, смартфон – жай ғана ойыншық емес. Смартфон – TikTok-ты шексіз көруге арналған құрал ғана емес. Смартфон – ақша табудың құралы. Мәселеге осылай қарауымыз керек. Әсіресе бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қатысты. Олар заманауи технологияларды өз өңірлерінен шықпай-ақ, ауылдық жерде тұрып, бизнестерін жүргізу үшін пайдалануы керек және пайдалана алады. Келесі кезеңде Үкіметіміз осы міндетті жүзеге асырады", – деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Тоқаев жаңа қоғамдық әдеп қалыптастыру қажеттігін айтқан болатын.

Қазақстан
Құрылтай
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Ақтөбелік шебер Әбілқайыр ханның мөрін қайта жасап шықты

Тоқаев жаңа қоғамдық әдеп қалыптастыру қажеттігін айтты

Сайлаушылардың көңіл күйі жақсы: "СОЦИС-А" супервайзері Жезқазғандағы экзитпол қалай өтіп жатқанын айтты