Өскеменде экзитпол қалай өтіп жатыр: супервайзер сайлаушылардың белсенділігін бағалады

Фото: Zakon.kz
"Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана" ("СОЦИС-А") жеке қоры Zakon.kz тапсырысы бойынша Құрылтай сайлауында экзитпол жүргізіп жатыр. Қор супервайзері Zakon.kz тілшісіне Өскемендегі сайлау учаскелерінің бірінде сайлаушылардың сауалнамаға қалай қатысып жатқанын айтып берді.

Қоғамдық пікірді зерттеу еліміздегі 200 сайлау учаскесінде "exit poll" әдісі бойынша жүргізіліп жатыр. Зерттеу нәтижелері 24 тамызда жарияланады.

Өскемендегі №19 орта мектепте орналасқан сайлау учаскесінде жұмыс істеп жатқан супервайзер Мадина Тамчинованың айтуынша, азаматтар сауалнамаға ерікті түрде қатысады.

Жиналған барлық мәлімет анонимді әрі құпия сақталады. Ақпарат автоматтандырылған жүйе арқылы бірден компанияның ақпараттық орталығына жіберіледі.

"Азаматтар сауалнамаға белсенді қатысып жатыр. Барлығы ақжарқын, ықыласты, байланысқа оңай түседі. Бұл біздің жұмысымызға да оң әсерін тигізіп отыр. Сайлаушылар учаскеден көтеріңкі көңіл күймен шығып жатыр. Тіпті мерекелік көңіл күй деуге болады", – деді Мадина Тамчинова.

Бүгін, 2026 жылғы 23 тамызда, Қазақстанда бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Сайлаушылар тізіміне 12 млн 605 мың 788 азамат енгізілген.

Сайлау барысында қазақстандықтар бес жыл мерзімге Құрылтайдың 145 депутатын сайлайды. Орталық сайлау комиссиясы жеті саяси партия ұсынған Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеді.

Құрылтай депутаттарының тарихи сайлауы туралы толығырақ осы жерден оқи аласыз.

Қазақстан
Құрылтай
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін