Оның айтуынша, министрлік елдің барлық өңіріндегі жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап отыр. Мониторинг жүргізу үшін ІІМ-нің Жедел басқару орталықтарының мүмкіндіктері пайдаланылуда.
Көшелер, қоғамдық орындар және сайлау учаскелеріне іргелес аумақтар бейнебақылау камералары арқылы тұрақты визуалды бақылауда.
"Қалалық және аудандық бөлімшелерде кез келген өтініш пен ақпаратқа жедел әрекет етуге дайын мобильді топтар жұмыс істеп жатыр. Жағдайды бақылау үздіксіз жүргізіледі – тікелей оқиға орнында да, цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы да", – деді Шыңғыс Алешев ОКҚ-дағы онлайн-марафон аясындағы брифингте.
Ол азаматтардан немесе сайлау комиссияларынан өтініш түскен жағдайда полиция қажетті шараларды жедел қабылдауға дайын екенін атап өтті.
"Азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтап, жауапкершілік танытып отырғаны үшін алғыс айтамыз. Полиция қызмет атқаруын жалғастыруда", – деді ҚР ІІМ ресми өкілі.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 6 696 002 қазақстандықтың бюллетень алғанын жазған болатынбыз. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жалпы санының 53,12%-ынқұрайды.