Құрылтай сайлауы: 11 елде дауыс беру аяқталды

Фото: Zakon.kz
Сағат 19:00–дегі жағдай бойынша Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскесінің барлығы жұмысын бастады. Оның ішінде 11 елде дауыс беру аяқталды.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, шетелде тіркелген 11 402 сайлаушының 6007-сі өз таңдауын жасаған.

Шетелдегі дауыс беру рәсімін Астана уақытымен сағат 19:00–де жұмысын бастаған АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы сайлау учаскесі аяқтайды.

Шетелдегі учаскелік сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хаттамаларды дауыс беру аяқталғаннан кейін дереу Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.

Қазақстан
Құрылтай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған