Президент олимпиада жеңімпаздарын "қазіргі заманның нағыз батырлары" деп атады

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесу барысында дарынды жастарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы жастардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін барынша жағдай жасалатынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, әлем қаншалықты тез өзгерсе де, білімге құштарлық, өз күшіне сену және табанды еңбек адамды кез келген уақытта табысқа жетелейді. Болашақта адам капиталын дамытуға және жаңа технологияларды экономика мен қоғамның барлық саласына енгізуге басымдық берген елдер көш бастайды.

"Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін биыл "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" деп жарияланды. Сіздер, талантты жастар, осы жасампаз үдерістердің алдыңғы шебінде жүресіздер. Қазақстан жастары сіздерге қарап бой түзейді, үлгі алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы білім мен ғылымды, инновация мен озық технологияны бүгінгі дәуірдің басты қаруы деп атап, жаһандық бәсекеде білімді әрі зияткер елдер ғана алға шығатынына назар аударды.

Президент дарынды жастарды "қазіргі заманның нағыз батырлары" деп санайтынын айтып, қазақ жастарының отаншыл, білімпаз, еңбекқор, елге жанашыр, табиғатқа қамқор әрі адал азамат болғанын қалайтынын жеткізді. Сондай-ақ еріктілердің еңбегін жоғары бағалайтынын мәлімдеді.

"Мен жастарға сенемін! – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың талантын шыңдап, сапалы білім берген ұстаздар қауымына да алғыс білдірді.

Президент қабілетті балаларды оқытып, халықаралық жарыстарға даярлайтын педагогтердің еңбегі зор құрметке лайық екенін атап өтті.

Сіздердің еңбектеріңізді мемлекет міндетті түрде ескереді. Үкімет пен өңір басшыларына осындай тапсырма беріледі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді