Қарағандыда жұмысшыны топырақ басып қалды: ер адам басын шығарып үлгерген

Сурет: Zakon.kz.
Қарағандыда зақымданған құбырды жөндеп жатқан 23 жастағы жұмысшыны топырақ басып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арнаның" мәліметінше, қазылған арықта кәріз құбырын жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бір сәтте су шайып кеткен қабырғаның бірі опырылып, жұмысшы топырақ астында қалған.

Денесінің басым бөлігі топырақтың астында қалса да, ер адам басын топырақтан шығарып үлгерген. Құтқарушылар мен оның әріптестері арнайы техниканың көмегімен жұмысшыны үйіндінің астынан алып шыққан.

"Қатты қорыққанынан басқа, жас жігіт ауыр жарақат алмаған. Ол ауруханаға жатудан бас тартты", – делінген сюжетте.

Бұған дейін Алматы тауларында жігіт пен қыздың телефонының қуаты таусылып қалғаны, алайда жігіт құтқарушыларға қоңырау шалып үлгергені хабарланған.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі