Бұл туралы "24KZ" телеарнасы ақпарат жариялады.
Мысалы, жолдардың жағдайын іс жүзінде нақты уақыт режимінде бақылауға болады, деп хабарлайды E-Joldar платформасы жол жобалары мен жол жамылғысының жағдайы туралы деректерді біріктіреді.
"ЖИ мәселелерді анықтап қана қоймай, жақын арада қай учаскелерде жөндеу қажет болуы мүмкін екенін де болжайды. Жүйе азаматтардың өтініштер тарихын ескеріп, проблемалы учаскелерді алдын ала анықтайды", – делінген сюжетте.
Ұлттық жол активтері сапасы орталығының бас директоры Серік Имашевтің айтуынша, жыл соңына дейін цифрлық мониторингпен елдің барлық жол желісін қамту жоспарланып отыр.
"Қазіргі таңда 185 мың жолдың 41 мыңы цифрландырылды. Олардың қатарында республикалық, облыстық, аудандық жолдар және қалалардың көше желісі бар. Қазақстан бойынша саны 200-ден асатын барлық карьер, сондай-ақ автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау кезінде пайдаланылатын барлық асфальт-бетон зауыты цифрландырылды", – деді ол.
Әуежайдағы бақылау жеделдейді
Авиация саласында цифрлық шешімдер ең алдымен бақылаудан өту уақытын қысқартуға бағытталған. Q-Gate терминалдары жолаушының төлқұжаты мен бет-бейнесін биометрия арқылы тексереді. Бұл рәсім 15-50 секундқа созылады.
Әзірлеушілердің мәліметінше, қазір 200 жолаушыны тексеруге бұрынғыдай жарты сағат емес, небәрі 7 минут жеткілікті. Қазіргі уақытта Q-Gate жүйесі 11 өткізу пунктінде жұмыс істеп тұр. Алдағы екі жылда тағы 198 терминал орнату жоспарланған.
Шетелдік туристермен жұмыс істеу тәсілдері де өзгеріп жатыр.
Пойыздар автоматты түрде тексеріледі
Теміржол саласында да цифрлық технологиялар енгізілуде. Арнайы жүйелер пойыздардың жағдайын автоматты түрде тексереді.
Алдағы үш жылда цифрландыруды одан әрі дамыту арқылы 2 мың шақырымнан астам жаңа теміржол салу және транзит көлемін 77 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.
"Теміржол саласында жылжымалы құрамды байланыссыз диагностикалауға арналған "Кинетикс" жүйесі енгізіліп жатыр. Оны қолдану арқылы станциядағы техникалық тексеру уақыты 30 пайызға, ал қолмен өлшеу көлемі 70 пайызға қысқарды. Сонымен қатар жол бейіні, пойыздың салмағы және жылдамдық шектеулерін ескере отырып, пойызды автоматтандырылған басқару үшін Trip Optimizer жүйесі пайдаланылады", – деді ҚР Көлік министрлігінің цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті директорының орынбасары Жұлдыз Гильманова.
Бұған дейін 2026 жылғы 26 тамызда Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллектмектебін ашу мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.