Бензинге қатысты шағымдар толастар емес: бірнеше өңірде жанармай сапасы тексеріледі

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 27 тамызда ҚР Сауда және интеграция министрлігі азаматтардан келіп түскен шағымдарға байланысты автомобиль бензинінің сапасын зертханалық тексеру жалғасып жатқанын мәлімдеді.Зерттеу зауыттан бастап жанармай құю станциясына дейінгі бүкіл тізбекті қамтиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі ауқымды тексерудің мән-жайын баяндады.

"ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Павлодар мұнай-химия зауытынан тікелей алынған бензиннің арбитраждық сынамаларын өндірушіден тәуелсіз зертханаға тапсырды. Sinoil, QazaqOil және Helios компанияларының қоспалары қосылған жанармай үлгілері де бөлек зерттеліп жатыр. Зерттеу нәтижелері бір апта ішінде шығады", – делінген хабарламада.

Сауда министрлігінің мәліметінше, қазір азаматтардан түскен 12 өтініш қаралып жатыр.

Оның ішінде:

Сонымен қатар 17 жанармай құю станциясында бақылау мақсатында жанармай сатып алынды:

"Қазір іріктелген үлгілер зертханалық сынақтан өткізіліп жатыр. Осылайша, тексеру жанармай сапасын өндіріс кезеңінде ғана емес, тұтынушыға сатылғанға дейінгі айналымның кейінгі сатыларында да бағалауға мүмкіндік береді", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Тексеру аясында мұнай базаларын қоса алғанда, жанармай айналымының бүкіл тізбегі бойынша сынамалар алынатыны атап өтілді. Ол үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттар, мемлекеттік стандарттар мен сынақ зертханалары бар.

"Автомобиль бензинінің техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, заңнамада көзделген шаралар қабылданады. Оның ішінде талапқа сай келмейтін жанар-жағармайды сатуға тыйым салу және айналымнан алып қою қарастырылған", – делінген ведомство хабарламасында.

2026 жылғы 25 тамызда Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкіметтегі брифингте қазақстандықтардың елімізде өндірілетін бензин сапасына қатысты шағымдарына пікір білдірген еді. Оның айтуынша, министрлік бұл мәселені тексеріп жатыр. Ведомство өкілдері бензин өндіру технологиясының ықтимал бұзылуын анықтау үшін зерттеу жүргізіп, сынамалар алып жатқаны айтылды.

26 тамызда қазақстандықтардың жаппай шағымынан кейін Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасы тексерілгені хабарланды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қыркүйек қарсаңында пәтер жалдау қымбаттады: Алматы мен Астанадағы бағалар қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Әділет" партиясынан Құрылтай құрамына кімдер кіретіні белгілі болды

Резервтегі әскери қызмет: келісімшарт нысаны бекітілді

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады