Қазақстанда 15 мыңға жуық ауыл баласы спорт жарыстарына қатысады

Сурет: қордың баспасөз қызметі
Қазақстанда ауыл балалары арасында өтетін Auyl Sport спорттық жобасының үшінші маусымы басталады. Биыл жарыстар еліміздің барлық 17 облысын қамтып, оған 15 мыңға жуық жас спортшы қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба 2024 жылы ауылдық жерлердегі балалар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында іске қосылған. Алғашқы маусымда жарыстар алты спорт түрінен өткізілсе, қазір олардың саны сегізге жетті. Осы уақыт ішінде өңірлік және республикалық турнирлерге 10 мыңнан астам бала қатысқан.

Биыл 10-15 жас аралығындағы спортшылар каратэ, баскетбол, волейбол, бокс, еркін күрес, шахмат, үстел теннисі және футболдан бақ сынайды. Жарыстарда барлығы 510 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Өңірлік жарыстар 10 қыркүйекте Жамбыл облысында басталып, 10 қазанға дейін жалғасады.

Сурет: қордың баспасөз қызметі

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұған дейінгі маусымдардың жеңімпаздары халықаралық жарыстарда да жүлде алған. Атап айтқанда, 2025 жылы Сербияда өткен Дүниежүзілік гимназиадада жоба спортшылары бокстан үш алтын, еркін күрестен бір қола медаль жеңіп алған. Сонымен қатар шахматтан екі Fair Play жүлдесі берілген.

Жарыстарға қатысушылардың жол жүруі, тұруы, спорттық киімі мен қажетті жабдықтары ұйымдастырушылар тарапынан қамтамасыз етіледі.

Сурет: қордың баспасөз қызметі

Жоба аясында биыл жоғары нәтиже көрсеткен ауылдарда 10 спорт алаңын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ республикалық және халықаралық жарыстарда нәтиже көрсеткен спортшыларға білім гранттарын беру және спорттық санаттар тағайындау мәселесі қарастырылуда.

Жобаны іске асыруға бастамашы болған Halyk қайырымдылық қорының мәліметінше, үшінші маусымның негізгі мақсаты – ауылдық жерлердегі жас спортшылардың қабілетін анықтап, олардың республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуына мүмкіндік жасау.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін