Технологиялар мен шетел капиталын көптеп тарту үшін "Алтын визаны" енгізудің маңызы зор – Тоқаев

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында депутаттар алғашқы сессияда қабылдауға тиіс маңызды заңдарды атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент осы жылы жасанды интеллектіні орта білім беру саласына енгізу, цифрлық активтер индустриясын дамыту және Digital Qazaqstan стратегиясына қатысты бірқатар Жарлық шығарғанын еске салды.

"Үкімет осы бағыттар бойынша қажетті заң жобаларын әзірлеп, Парламентке ұсынады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы елімізге кәсіби тұрғыдан жоғары білікті мамандарды, заманауи технологиялар мен шетел капиталын көптеп тарту үшін жүйелі шаралар қабылданып жатқанын айтты.

"Бұл іске тың серпін беру үшін "Алтын визаны" енгізудің маңызы зор", – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көші-қон саясатын жетілдіру қажеттігіне назар аударды. Президент Үкіметке тиісті заң жобасын Құрылтайға жолдауды, ал депутаттарға оны жедел қарауды ұсынды.

Мемлекет басшысы биыл Үкімет "Кітапхана және баспа ісі туралы" заң жобасын әзірлеп, Құрылтайға енгізуге тиіс екенін мәлімдеді.

"Бұл – ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін нығайту үшін қажетті құжат", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу жөнінде тапсырма бергенін де атап өтті.

Бұл мәртебелі марапаттар ұлттық мәдениетке қалтқысыз қызмет етіп, музыка және бейнелеу өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі.

"Енді осы бастаманың заңнамалық негізін қалыптастыру қажет", – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

US Open-2026: Рыбакина алғашқы айналымда 17 жасар америкалықпен өзара күш сынасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Қазақстанда ұялы телефондарды верификациялау және тіркеу рәсімдері ажыратылады

Демалыс уақытында баланың бос уақытын қалай пайдалану керек