Халық сіздерге зор сенім артып отыр – Президент Құрылтай депутаттарына үндеу айтты

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы реформаларды соңына дейін жеткізудің маңызына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, елге жауапкершіліктен қашпайтын, батыл, белсенді әрі білімді басшылар, нақты өзгеріс жасай алатын азаматтар қажет.

Тоқаев жұмыс барысында қателіктер болуы мүмкін екенін атап өтті. Алайда реформаларды аяғына дейін жеткізбеу және Әділетті Қазақстанды құру жолындағы тарихи мүмкіндікті жіберіп алу келер ұрпақ алдында үлкен жауапкершілікке әкелетінін айтты.


"Келер ұрпақ кейбір кемшілігімізге түсіністікпен қарайтын да шығар. Себебі жұмыс қателіксіз болмайды. Бірақ біз реформаларды аяғына дейін жеткізбей, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы тарихи мүмкіндікті мүлт жіберсек, олар бізді ешқашан кешірмейді", – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазіргі заманда өзгерістердің өте жылдам жүріп жатқанын айтып, бейқамдық пен жауапсыздық елді тығырыққа тіреуі мүмкін екенін ескертті.

Сонымен қатар Қазақстанның болашағы әр депутаттың ынта-ықыласына, қажыр-қайратына және отаншылдығына байланысты екенін атап өтті.

Президент Құрылтай депутаттарының түрлі салаларда табысқа жетіп, мол тәжірибе жинаған білікті мамандар екенін айтты. Енді олардың осы тәжірибесін ел игілігіне пайдаланып, Қазақстанды дамыту жолында табанды еңбек ететініне сенім білдірді.

Қазақстан
Құрылтай
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады