Алматыда жаңа такси қызметінің көлігі жол апатынан қирады

Сурет: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Алматыда Green SM такси қызметінің көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Төле би даңғылы мен Түркебаев көшесінің қиылысында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, BMW автокөлігі Түркебаев көшесімен солтүстік бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Қиылыста ол такси көлігімен соқтығысты. Жол апатынан кейін BMW көлігінің екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінді", – деп хабарлады полиция.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, жол апатының мән-жайын тіркеді. Екі автокөлік те мамандандырылған айып тұрағына жеткізілді.

Қазір жол апатының себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаға қатысты түпкілікті баға тексеру қорытындысы бойынша беріледі.

Бұған дейін, 29 тамызда Алматыда электросамокат тізгіндеген ер адам рөлге ие бола алмай, жол апатынан қаза тапқаны хабарланған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді