Almaty Marathon ұйымдастырушысы – "Бірінші болу батылдық" корпоративтік қоры әр сәрсенбі және сенбі күндері Орталық стадионда жаттығу өткізеді. Қатысушылар кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен жаттығып, жүгіру техникасын жетілдіреді және жүктемені дұрыс бөлуді үйренеді. Алдын ала тіркелу қажет емес, жаттығудың нақты уақыты @openrunam Telegram арнасында жарияланады.
Әр жексенбі сайын қаланың әртүрлі бағыттарында Community Almaty Run тегін жүгіру жаттығулары ұйымдастырылады. Қатысушылар өзіне қолайлы қашықтық пен қарқынды таңдай алады. Жүгіруден кейін дайындық, қалпына келу, тамақтану және жарақаттың алдын алу тақырыптарында ашық дәріс өтеді. Кесте @runalmatymarathon Telegram арнасында жарияланады.
Әдетте жаттығу денені қыздырудан, жүгіруден, баяулап тынысты қалпына келтіруден және созылу жаттығуларынан тұрады. Жүгіруді енді бастағандарға өзіне ыңғайлы қарқынды таңдап, алғашқы жаттығу екенін жаттықтырушыға алдын ала айту ұсынылады.
Жаттығуға ыңғайлы спорттық киім, жүгіруге арналған аяқ киім және су жеткілікті.
Айта кетейік, Алматы әкімдігінің қолдауымен мерейтойлық 15-ші Almaty Marathon 27 қыркүйекте өтеді. Оған 60-тан астам елден 16 мың қатысушы жиналады.