Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстанның неке-отбасы заңнамасына сәйкес, неке бір рет тіркеледі және оның қолданылу мерзімі белгіленбейді. Сондықтан некені қандай да бір мерзімге ұзарту талап етілмейді.
"Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша бұзылуы, сондай-ақ заңнамада көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылуы мүмкін. Некені бұзу тіркеуші орган арқылы немесе сот тәртібімен жүзеге асырылады", – делінген ресми мәліметте.
Осыған байланысты министрлік азаматтарды әлеуметтік желілерде тараған күмәнді хабарламаларға сенбеуге, ондағы сілтемелерге өтпеуге және дербес деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды.
Ведомство азаматтарға ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге кеңес берді.