"Қайрат" "Андерлехттен" тағы да 0:3 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды
Сурет: Instagram/f.c.kairat
Алматылық "Қайрат" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матчта бельгиялық "Андерлехтпен" кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, кездесу Брюссельде өтіп, алаң иелерінің 3:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. "Андерлехт" есепті 45+2-минутта ашты. Пенальтиді Михайло Цветкович сәтті орындады.
53-минутта бельгиялық команда өз басымдығын еселей түсті. Голды Данила Сикан соқты. Ал 71-минутта Жулиан Бьянкон есепті 3:0-ге жеткізіп, матчтың нүктесін қойды.
Алматыда өткен алғашқы матч та қонақтардың 3:0 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталған болатын.
Осылайша, "Андерлехт" Еуропа лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді, ал "Қайрат" Конференция лигасының негізгі кезеңінде ойнайды.
Бұған дейін "Фенербахче" 17 жылдан кейін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қайта оралғаны туралы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript