"Қайраттың" Еуропа лигасындағы қарсыласы анықталды

"Қайраттың" Еуропа лигасындағы қарсыласы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 11:46 Сурет: Instagram/f.c.kairat
Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде алматылық "Қайрат" бельгиялық "Андерлехтпен" кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz мәліметінше, "Андерлехт" Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде грек клубы ПАОК-ты екі матчтың қорытындысы бойынша 4:2 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алған.

Алғашқы ойында "Андерлехт" сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Қарымта кездесуде де бельгиялық клуб қарсыласынан басым түсіп, 3:2 есебімен жеңді.

"Қайрат" пен "Андерлехт" арасындағы алғашқы матч 20 тамызда Алматыда, ал қарымта кездесу 27 тамызда Брюссельде өтеді.

Плей-офф кезеңінде жеңіске жеткен жағдайда "Қайрат" Еуропа лигасының негізгі кезеңіне шығады. Ал жеңілген жағдайда команда автоматты түрде Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.

Еске салсақ, УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында "Қайрат" екі ойынның қорытындысы бойынша 2:0 есебімен "Левскиге" есе жіберген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: