"Тобыл" "Партизаннан" жеңіліп, еурокубоктағы жолын аяқтады

футбол, матч, Тобыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 12:25 Сурет: Instagram/fctobol
2026 жылғы 13 тамызда Қостанайдың "Тобыл" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде сербиялық "Партизанмен" өз алаңында кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матчтың басталуы алаң иелері үшін үміт сыйлады. Себебі ойынның жетінші минутында Ислам Чесноков әдемі соққы жасап, "Тобылды" алға шығарды.

Алайда үзілістен кейін ойын барысы өзгерді. Қостанайлық команда ойын тізгінін бос жіберіп, бұл сәтті сербиялық футболшылар ұтымды пайдаланды. Стефан Митрович пен Шака Траоре қарсылас қақпасына бір-бір голдан соқты.

Осылайша "Тобыл" өз алаңында "Партизаннан" 1:2 есебімен жеңіліп, биылғы маусымдағы еурокубок жолын аяқтады.

Бір апта бұрын Сербияда өткен алғашқы матчта "Партизан" Мирослав Ромащенко шәкірттерін 3:0 болып, ірі есеппен жеңген еді.

Осылайша Қостанай командасы серб футболының алпауытына қарсы өткен екі кездесуде де жанкүйерлерін қуанта алмады.

Енді "Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасындағы нәтижелеріне үміт артады. Алайда команда қазіргі таңда турнир кестесінде 11-орында келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: