Конференция лигасы: "Астана" португалиялық "Витория" командасымен тең түсті

Конференция лигасы: "Астана" португалиялық "Витория" командасымен тең түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2024 22:46 Сурет: "Астана" футбол клубы
УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінде "Астана" португалиялық "Виторияны" өз алаңында қабылдап, тең түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған дейін португалиялық клуб 9 ұпаймен Конференция лигасының жалпы кестесінде доп айырмасына байланысты 5-орында тұрса, астаналықтар (3 ұпай) 25-сатыда еді.

Алғашқы сегіздікке іліккен командалар лиганың 1/8 финалына жолдама алады. Ал 9-24-орын алғандар плей-офф бәсекелерін өткізіп, қалған жолдамаларды сарапқа салады, деп жазды kazinform.kz.

Бірінші тайм соңына таман, 40-минутта "Астана" сапындағы хорватиялық Бранимир Калаица есеп ашты – 1:0. Екінші кезеңде қонақтар жиірек шабуылдап, елордалықтар қорғанысқа ден қойды. Ақыры 89-минутта алаңға екінші таймда шыққан венесуэлалық Хесус Рамирес баспен қақпа бұрышын дәл көздеді – 1:1. Бұдан кейін есеп өзгерген жоқ.

Осылайша, ұпай санын 4-ке жеткізген "Астана" енді 12 желтоқсанда Англияның атышулы "Челси" командасын қабылдайды. Ағылшын клубы әзірше бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: