"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы жаңа маусымдағы алғашқы қарсыласы анықталды

Центральный стадион Алматы, Центральный стадион в Алматы, ФК Кайрат, матч, футбол, футбольный клуб Кайрат, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2026 21:08 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 16 маусымда Швейцарияның Ньон қаласында 2026/2027 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне жеребе тартылып, оның қорытындысы бойынша алматылық "Қайраттың" қарсыласы Черногорияның "Сутьеска" клубы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан және Черногория чемпиондарының алғашқы кездесуі 7 немесе 8 шілдеде Алматыда өтеді. Ал қарымта матч 14 немесе 15 шілдеде қарсылас алаңында ұйымдастырылады.

Алматылық клуб 2025 жылы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетті. Команда сегіз матч өткізіп, бір рет тең түсіп, жеті ойында жеңіліс тапты.

Нәтижесінде Рафаэль Уразбахтин шәкірттері турнирлік кестеде соңғы, 36-орынға тұрақтады.

"Сутьеска" – Черногорияның қазіргі және алты дүркін чемпионы, сондай-ақ ел кубогының екі дүркін иегері.

Қазіргі таңда черногориялық клуб ойыншыларының жалпы нарықтық құны 5,33 миллион еуроға бағаланса, "Қайрат" құрамының жалпы құны 12,25 миллион еуроны құрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: