"Қайрат" Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласын ресми түрде мәлімдеді

"Қайрат" Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласын ресми түрде мәлімдеді , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2026 09:45 Сурет: Instagram/omonoiafootball
Өткен түні УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алған барлық командалар белгілі болды. Олардың қатарында Қазақстан чемпионы – алматылық "Қайрат" та бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала жеребе нәтижесі бойынша алматылық клубтың келесі қарсыласы Кипрдің қазіргі және 22 дүркін чемпионы "Омония" болды.

Командалар арасындағы алғашқы матч 22 шілдеде Кипр астанасы Никосияда өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.

Жауапты ойын 29 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Матчтың басталу уақыты – 20:00.

Айта кетейік, "Сары-қаралар" бұған дейін бұл клубпен 2021/22 жылғы УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде екі рет кездескен. Сол кезде өткен екі матч та 0:0 есебімен тең аяқталған болатын.

Қазіргі таңда Кипр чемпионы ойыншыларының жалпы трансферлік құны 14,48 миллион еуро деп бағаланса, ал алматылық "Қайрат" құрамының жалпы құны 12,50 миллион еуроны құрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: