"Қайраттың" келесі қарсыласы алматылық клубқа батыл үндеу жасады

"Қайраттың" келесі қарсыласы алматылық клубқа батыл үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 11:46 Сурет: Facebook/levskiofficial
30 шілдеге қараған түні Болгарияның София қаласының "Левски" футбол клубы Чемпиондар лигасының келесі іріктеу кезеңінде алматылық "Қайрат" клубымен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чемпиондар лигасы іріктеуінің алғашқы екі кезеңінде "Левски" Босния және Герцеговинаның "Борац" клубын екі матч қорытындысы бойынша 5:1 есебімен жеңіп, кейін 29 шілдеде Румынияның "Университатя Крайова" командасынан басым түсті. Румыниялық клубпен өткен қарымта кездесу 3:2 есебімен аяқталып, "Қайраттың" келесі қарсыласы анықталды.

Жеңістен кейін болгариялық клубтың футболшылары әлеуметтік желіде жариялаған бейнероликке:

"Дайындал, "Қайрат"!" деген жазба қалдырды.

Белгілі болғандай, алғашқы матч 4 тамызда Софияда өтеді. Ал жауапты кездесу 11 тамызда Түркістанда ұйымдастырылады.

Айта кетейік, биылғы Чемпиондар лигасы маусымында "Қайрат" сәтті өнер көрсетіп келеді. Алғашқы іріктеу кезеңінде Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Черногорияның "Сутьеска" клубын екі ойын қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңсе, екінші кезеңде Кипрдің "Омония" командасын жарыс жолынан шығарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: