Чемпиондар лигасында "Қайраттың" алдағы қарсыласы күтпеген жерден "атағынан" айрылды

Чемпиондар лигасында "Қайраттың" алдағы қарсыласы күтпеген жерден "атағынан" айрылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2026 11:44 Сурет: Instagram/clubbrugge
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде алматылық "Қайратқа" қарсы ойын өткізетін "Брюгге" клубы Бельгия кубогының жартылай финалына шыға алмай қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz дерегінше, ширек финалда "Брюгге" сырт алаңда "Шарлеруа" командасына 0:2 есебімен жеңілді.

Ойын барысында алаң иелерінің шабуылшысы Парфе Гвиагон екі гол соғып, дубль авторы атанды. Осылайша Иван Леко шәкірттері Бельгия кубогындағы өнерін аяқтады.

Айта кетсек, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің жетінші турында "Брюгге" сырт алаңда алматылық "Қайратпен" кездеседі. Матч 20 қаңтар күні Астанада өтеді.

Бұған дейін Роналдуның Сауд Арабиясы чемпионатының көшбасшы командасына қарсы 959-шы голын соққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: