Жаңалықтар тізбегі
0

1 қыркүйек - Білім күні

Білім күні, 1 қыркүйек, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2024 09:39 Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Қазақстанда 1 қыркүйекте барлық білім ордаларында жаңа оқу жылы басталды. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандықтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қадірлі ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Бүгін 2024-2025 оқу жылының жаңа парағы ашылды. Еліміздің барлық өңірлерінде Білім күнін асыға күткен 3,9 млн бала сүйікті мектебімен, ұстаздарымен қайта қауышты. Мемлекет оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасауда. Бүгін 90 мыңға жуық оқушы су жаңа мектептерде оқу жылын бастайды. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынғандары да бар. Ал 200 мыңнан астам бала күрделі жөндеуден өтіп, қайта жабдықталған мектептерде білім алады". ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев

Оның айтуынша, 1 қыркүйек – алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған балалар үшін ерекше мереке.

"Бірінші сыныпқа 352 мың бала қабылданды. Ал 11 сыныпқа өткен 219 мың оқушы мектептегі оқуын аяқтайды. Қымбатты балалар, оқу жылы сіздерді жаңа жетістіктерге жетелеп шабыттандыратын қызықты, танымды әрі тағылымды болсын деп тілеймін! Дәл осы күні ұстаздардың өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі орасан еңбегін де атап өткім келеді. Ұлттың ағартушы ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы "Ұстаз - ұлт келбеті" деп бекер айтпаса керек. Сондықтан ағартушылық миссиясын адал атқарып жүрген ұстаздардың еңбегі лайықты түрде жоғары бағалануы тиіс. Құрметті әріптестер, өз мамандықтарыңызға адалдықтарыңыз, ұрпақ ісіндегі жанкешті еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздер балаларға білім беріп қана қоймай, оларға халқымыздың басты құндылықтарын сіңіріп келесіздер. Биылғы оқу жылы жоғары жетістіктер мен толағай табыстарға толы болсын!", - деді министр өз құттықтауында.

Оқу ағарту министрлігінің мәліметінше, мемлекет білім сапасын арттыру, балалардың білім алуы үшін жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде:

  • осы қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды.
  • колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50%-ға артты. 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады.
  • 87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алуда. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
  • оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі - "Қауіпсіздік сабағы" енгізілуде.

Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: