Жексенбіге түсіп тұр: Қазақстанда білім күні қалай өтеді
Фото: Zakon.kz
Білім министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылғы 6 тамызда Үкіметте өткен брифингте 1 қыркүйек қазақстандық мектептерде қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер министрден білім күнінің жексенбіге түсіп тұрғанын айтып, осыған байланысты мерекелік іс-шаралар басқа күнге ауысуы ықтималдылығын нақтылады.
"1 қыркүйек-дәстүрлі түрде мереке күні. Сондықтан мейрамға орай іс-шаралар мен балаларды жинау басқа жылдардағыдай жүзеге асады. Нақтырақ айтсам, биыл 1 қыркүйекте Білім күніне арналған жиын өткізіледі", — деп жауап берді министр.
17 шілдеде жаңа оқу жылының, сондай-ақ емтихандардың басталу және аяқталу мерзімдері анықталған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript