Білім министрлігі неге оқу жылының ұзартылмайтынын түсіндірді

Первоклассники, первый класс, школьники, ученики младших классов, начальные классы, школа, 1 сентября, первое сентября, школьная линейка, День знаний, первый звонок, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 13:32 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 12 тамызда Үкіметтегі брифингте Оқу министрі Ғани Бейсембаев биыл мектептерде оқу жылын ұзарту мәселесі қаралмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер оқу жылын 1 маусымға дейін ұзарту жоспарда бар ма деп нақтылады.


"Бұл – ашық мәселе. Ең алдымен барлық білім беру ұйымдарын, инфрақұрылымды тиісті деңгейге жеткізуіміз керек. Өздеріңіз білесіздер, мен бұған дейін айттым, елімізде мыңнан астам мектеп толық күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондықтан алдымен барлық мектептерді ретке келтіріп, заманауи оқу кабинеттерімен жабдықтау қажет. Жаңа енгізілімдерге біз әрдайым орала аламыз, бірақ ол үшін ең алдымен бүкіл білім беру ұйымдарының инфрақұрылымдық тұрғыдан дайын болуы шарт. Сондықтан инфрақұрылым мәселелері толық шешілмейінше, бұл тақырыпқа қайта оралмаймыз", – деп жауап берді Ғани Бейсембаев.

Министр биыл бұл мәселе мүлде қаралмайтынын нақты айтты.

Бұған дейін жаңа оқу жылында оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұрғаны белгілі болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: