Оқу-ағарту министрі мектептерде жаңа жылдық мерекелерге ақша жинауға тыйым салынғанын еске салды
Фото: primeminister.kz
Мектептерде жаңа жылдық іс-шараларға ақша жинауға жол берілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтегі брифингте айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
КTК телеарнасының мәліметінше, министр кез келген іс-шара көңіл көтеруге емес, балаларды тәрбиелеуге бағытталуы керек екенін баса айтты.
"Бұрын да айтқанымыздай, мектептерде ешқандай ақша жинау болмауы керек. Осы және басқа да іс-шаралар бойынша үнемі министрлік бұйрығымен тыйым салынғанын айтып келемін. Сондықтан мектептерде ешқандай ақша жинауға жол берілмейді. Бұл жаңа жылдық шыршаларға, мерекелік кештерге де қатысты. Кез келген іс-шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады".Ғани Бейсембаев
Сондай-ақ, ол мереке қарсаңында мұғалімдердің ешқандай сыйлық күтпейтінін атап өтті.
Бұған дейін заңсыз шығарылған активтерді қайтару есебінен Шымкентте мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілері үшін 300 орындық жатақхана салынатындығы хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript