Оқу-ағарту министрі мектептегі ақша жинау мәселесіне қатысты жеке пікірін білдірді

Гани Бейсембаев , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 15:09 Фото: primeminister.kz
2025 жылғы 20 мамырда өткен үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев балаларға арналған түрлі мерекелік іс-шараларға ақша жинау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер министрден өз баласының балабақша немесе мектептегі мерекелік іс-шараларына жеке өзі ақша жинаған-жинамағанын және жалпы осындай тәжірибеге қалай қарайтынын сұрады.

"Егер мен енді ғана әке болған кезімді еске алсам, ол кезде басқаша жауап беретін едім. Қазір бітіру кештеріне кортеждер жалдайды, олар жол қозғалысы ережелерін бұзады, жиі қайғылы жағдайларға тап болады. Сондықтан осындай тәжірибеге сүйене отырып, балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін мұндай артық іс-шараларға толық тыйым салу туралы шешім қабылданды. Ең алдымен, қауіпсіздік болуы керек", – деді министр.

Сондай-ақ, ол тойлардың да шектен шығып кеткенін атап өтті.

"Мен халықтың да шектен тыс той тойлауды жиі айыптайтынын көремін. Сондықтан, бұл қасиетті баланың бойына жастайынан сіңіруге тырысамыз (шамамен ред.) Бұл іс-шаралар қажет пе? Көбінесе, бұл балаларға емес, ересектердің өздеріне қажет. Сондықтан бұл жерде ысырапшылдықтан барынша тартыну қажет. Мерекені тыныш, қарапайым түрде өткізуге болады. Сонда ешкім ренжімейді: не ата-аналар, не балалар", – деп жалғастырды министр.

Оның пікірінше, мұндай жағдайда, мысалы, ата-аналары қандай да бір іс-шараны төлеуге мүмкіндігі жоқ болса, балалар өздерін шеттетілгендей сезінбейді.

"Мерекелерді ұйымдастыру кезінде бұл жағын да ескеру маңызды. Сондықтан үлкен жауапкершілік тек білім беру мекемелерінде ғана емес, ата-аналарда да жатыр. Мұндай жағдайларда ақша жинаудан тартынған дұрыс", – деп толықтырды ол.

Бұған дейін министр соңғы қоңыраудың неліктен 9-сынып оқушылары үшін өткізілмейтінін түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: