Жаңалықтар тізбегі
0

Активтерді қайтару: Шымкентте жатақхана салуға 2,6 млрд қаражат бөлінді

Активтерді қайтару: Шымкентте жатақхана салуға 2,6 млрд қаражат бөлінді , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 09:56 Сурет: primeminister.kz
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару есебінен Шымкентте мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілері үшін 300 орындық жатақхана салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет дерегіне сүйенсек, арнаулы мемлекеттік қордан Шымкент қаласындағы "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" кешені үшін жатақхана салуға 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Жобада қарастырылған:

  • Ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар,
  • медициналық блок,
  • асхана,
  • ойын бөлмелері және басқалары.
"Жатақхана барлық заманауи талаптарға сай болады",- делінген хабарламада.

Бүгінде "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимараттың құрылысы 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Нысан 1975 жылы салынған.

Қазіргі уақытта орын тапшылығына байланысты оқу орнындағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлмелері ретінде қарастырылған. 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр.

"Жаңа жатақхана балалардың өмір сүруіне және олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасайды",- деп мәлімдеді Үкімет.

Бұған дейін алаяқтардың қазақстандықтардың 100 миллион теңгеден астам ақшасын жымқырғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: