Жаңалықтар тізбегі
0

Сенат заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заңды мақұлдады

Сенат заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заңды мақұлдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 13:52 Сурет: Zakon.kz
Сенат депутаттары «Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң мен оған қатысты түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңға заңсыз шығарылған мүлікті елге қайтару мақсатында президенттің тапсырмасымен мәжіліс депутаттары бастамашы болды. Сенат депутаты Андрей Лукин заң заңсыз алынған мүлікті анықтау мен мемлекетке қайтарудың және оларды Қазақстандағы заңды экономикалық айналымға тартудың заңнамалық тетіктерін айқындауға, оларды заңсыз иемдену мен алып қоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға, заңсыз жолмен алынған активтерді мемлекет меншігіне қайтаруға бағытталғанын атап өтті.

"Заңдар мынадай оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарды көздейді: заңсыз алынған активтерді анықтау және қайтару үшін қажет заңнамалық базаны құру; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың активтерді қайтару саласындағы жмысының нақты және ашық механизмін құру; қоғамдағы әлеуметтiк әдiлеттiлiк; заңсыз алынған мүлiктi мемлекетке қайтару арқылы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мәселесiн шешу".Андрей Лукин

Активтерді мәжбүрлеп қайтару Қазақстанның, шет мемлекеттердің сот актілері немесе қайтарылған активтерді жинақтау үшін арнайы мемлекеттік қор мен басқарушы компания құруды көздейтін шет мемлекеттердің құзыретті органдарының шешімдері негізінде жүзеге асады.

"Заңда қазақстандық құқық үшін азаматтық тәркілеудің жаңа институты енгізілді. Оны қазір шет елдер кеңінен қолданады".Андрей Лукин

Сонымен қатар жеке тұлғалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заңда:

  • субъектілердің беделді тәуекелдерін және олардың активтерінің құнының төмендеуін барынша азайтатын тұлғалардың жабық тізілімі;
  • комиссияның және соттардың шешімдері арқылы адал сатып алушылар мен адал кредиторлардың құқығын қорғау;
  • алдын ала аралық және басқа да шараларды негізсіз қабылдаудан келтірілген залалдарды қайтару;
  • азаматтық тәркілеуді сот бақылауы (тек сот шешімі бойынша, барлық инстанцияларда шағымдану мүмкіндігімен);
  • активтерді ерікті қайтару туралы шарттардың талаптарын орындаған тұлғаларға кепілдіктер.

Мәжіліс депутаттары бұл заңды 14 маусымда қабылдады. Бас прокуратураның құрылымында осы саладағы уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыратын заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі жеке департамент құрылады. Сонымен қатар мемлекетке қайтарылған активтерді жинақтау және басқару үшін арнайы мемлекеттік қор мен басқарушы компания құрылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: