Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев елден заңсыз шығарылған активтерді кері қайтару туралы Жарлыққа қол қойды

Жарлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2022 12:58 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
26 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке елден заңсыз шығарылған активтерді Қазақстан Республикасына қайтару, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған активтерді анықтау және оларды мемлекетке қайтару мақсатында заң жобасын әзірлеуді бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлық мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабына сәйкес, елден заңсыз шығарылған активтерді Қазақстан Республикасына қайтару, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған активтерді (бұдан әрі – заңсыз шығарылған активтер) анықтау және оларды мемлекетке қайтару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен), Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігімен, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, 2023 жылғы 31 наурызға дейін:

  1. заңмен реттелетін құқық қатынастарының субъектілерін анықтауға;

  2. заңсыз шығарылған активтердің шығу тегін ашу, растау және оларды қайтару тетіктерін регламенттеуге;

  3. заңсыз шығарылған активтерді қайтару рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге;

  4. заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке өз еркімен беруді ынталандыруға;

  5. активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен себептер мен шарттарды жоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауға;

  6. өкілеттіктерін айқындай отырып, заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органды құруға;

  7. келіп түсетін заңсыз шығарылған активтерді жинақтайтын және оларды Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыру үшін басқаратын арнаулы мемлекеттік қорды құруға бағытталған Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы:

  • ҚР Бас Прокуроры ҚР Бас прокуратурасының құрылымында заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жеке бөлімше құру жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды.

  • Ал Үкіметке Бас прокуратурамен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңсыз шығарылған активтерді анықтау және мемлекетке қайтару үшін шет елдермен және халықаралық ұйымдармен, оның ішінде халықаралық құқықтық көмек шеңберіндегі тиімді өзара іс-қимылды жүйелі негізде қамтамасыз етуді міндеттеді.

  • еліміздегі құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға маманданатын бөлімшелерді айқындауды да тапсырды.

  • ҚР Үкіметі мен ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар осы Жарлықты іске асыру бойынша шаралар қабылдауды міндеттеді.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: