Қазақстандықтарға Қытайға кіру және шығу ережелерінің өзгеретіні ескертілді

Фото: pixabay
Қытайға баруды немесе осы елден ұшуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға әуежайға ертерек келу ұсынылды. Бұл туралы FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап Қытайда елге кіру және одан шығу тәртібіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Осыған байланысты иммиграциялық бақылау кезінде құжаттарды тексеру рәсімі әдеттегіден ұзаққа созылуы мүмкін.

"Қытайға баратын немесе осы елден ұшатын жолаушыларға сапарға қажетті құжаттарының, соның ішінде паспортының бар-жоғын және жарамдылық мерзімін алдын ала тексеруге, сондай-ақ ҚХР-ға кіру және одан шығуға қатысты өзекті талаптармен танысуға кеңес береміз", – делінген FlyArystan хабарламасында.

Сондай-ақ жолаушыларға паспорттық және иммиграциялық бақылаудан өтуге қосымша уақыт қарастырып, әуежайға рейстің ұшу уақытынан кемінде үш сағат бұрын келу ұсынылды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшінде қала береді. Қазақстан азаматтары бір сапар барысында ҚХР аумағында визасыз 30 күнтізбелік күнге дейін бола алады.

Бұған дейін, 6 қыркүйекте, Алматы халықаралық әуежайының Майлин көшесі жағындағы негізгі кіреберісі ашылғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды