Құқықбұзушылық 2026 жылғы қыркүйекте Лисаковскіде болған. Ер адам көлік басқаруға құқығы болмаса да, ВАЗ-21154 автокөлігімен Верхнетобольская көшесі арқылы Октябрьский кентіне қарай жүрген.
"Сот отырысында ол кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Жаза тағайындау кезінде сот кінәсін мойындап, өкінгенін жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Нәтижесінде ер адам кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл салынды. Сот айыппұл мөлшерін азайтып, оны 207 600 теңге көлемінде белгіледі.