Астананың қақ ортасында бұтаның арасына тығылған ер адам жұрттың көзінше әдепсіз әрекет жасаған

Сурет: magnific
Әлеуметтік желілерде Астана көшелерінде өзін әдепсіз ұстайтын ер адам туралы ақпарат тарады. Жергілікті тұрғындардың өтіп бара жатқан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұраған үндеуіне полиция жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаңдатарлық жазба Instagram-дағы zhaloby.astana парақшасында жарияланды. Қала тұрғынының айтуынша, белгісіз ер адам Қорғалжын тасжолы мен Тұран даңғылының қиылысында бұталардың арасына тығылып, адамдардың көзінше сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған.

Оқиға куәгерлері болған жағдайды видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, ер адам өтіп бара жатқан адамдарды да өзіне шақыруға тырысқан.

"Тұрғындарға, әсіресе ата-аналарға ескерту жасағым келеді. Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы жағдайға назар аударуды сұраймын", – деп жазды үндеу авторы.

Оқиғаға Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Құқық қорғау органдары тәртіп бұзушыны іздеуге кіріскен.

"Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын және аталған азаматтың жеке басын анықтауға бағытталған тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тұлғаның әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті құқықтық баға беріледі", – деді ведомствоның баспасөз қызметі 2026 жылғы 7 қыркүйекте Zakon.kz тілшісіне.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы