Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, ішінде дүкендер мен дәмханалар орналасқан нысан сот шешімін орындау аясында бөлшектеліп жатыр жатыр.
2022 жылғы 19 шілдеде басқарма қажетті рұқсат құжаттарының болмауына байланысты аялдама кешенін бұзу туралы талап арызбен Алматы қаласының Әуезов аудандық №2 сотына жүгінген. Бұдан кейін іс бойынша ұзаққа созылған сот процестері өтті.
Нәтижесінде Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың нысанды бұзу туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды. Осыдан кейін атқару парағы Әділет департаментіне жолданды.
Қазір заңсыз салынған нысанды бұзу жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіліп жатыр.