Кірпіштері қабырғадан ажырап, төбесінен су ағады: Ақтөбе тұрғындары өміріне алаңдаулы

Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде апатты үйдің кірпіштері тұрғындардың көз алдында қабырғадан ажырап жатыр. Екі қабатты ескі ғимаратта тұратын сегіз отбасы күн сайын жаңа жарықтардың пайда болғанын көруге мәжбүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, көктемде тұрғындардың бірнеше рет жасаған шағымдарынан кейін үйге мамандар келген. Олар техникалық тексеру жүргізіп, ғимараттың жағдайы өте нашар екенін анықтаған.

"Қазір жаңбыр жауып жатыр, тағы да бәрі ажырап кетеді ме деп алаңдап отырмыз. Әр жаңбыр жауған сайын қабырғалар одан әрі шытынап барады. Терезелер де қисайып кетті. Бір кірпіш өздігінен құлап түссе де, артынша үйдің бір бөлігін өзімен бірге құлатуы мүмкін. Бұл өте қауіпті", деді Алёна Гумма.

Айта кетейік, үй осыдан 62 жыл бұрын ағаш қалқандардан салынған. Тексеру кезінде құрылымдардың бір бөлігі шіріп кеткені анықталған. Шатырдың іс жүзінде барлық аумағы зақымданған. Жаңбыр жауған кезде су кіреберістер мен пәтерлерге ағады. Ал электр сымдарының жағдайы тұрғындарды алаңдатып отырған тағы бір қауіп. Олардың айтуынша, сымдардан үнемі электр разряды байқалып тұрады.

Мамандар жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мүмкін емес екенін ашық айтқан. Жалғыз шешім – тұрғындарды басқа жерге көшіру. Алайда әзірге бұл мәселенің тез шешілетініне үміт аз. Әкімдік үйдің апатты жағдайда екенін мойындады. Бірақ мұндай үйлер Ақтөбеде жалғыз емес.

"Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында 41 апатты үй бар. Олардың арасында Тургенев көшесі, 2-үй де бар. Ол да апатты деп танылған. Қазір бұл үйде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мүлікті реквизициялау бойынша құжаттарды дайындап жатырмыз". -, деп мәлімдеді Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Асима Омарова

Бұған дейін депутаттардың Қазақстандағы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ережелерін өзгертуді ұсынғаны хабарланған.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді