Алматыда маңызды көше 18 қыркүйекке дейін жабылды

Фото: Zakon.kz
Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көше жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының Медеу ауданында 18 қыркүйекке дейін Олимпийская көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Бұл шаралар 220 кВ кабельдік электр беру желісінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізілді.

Жұмыс Олимпийская көшесіндегі №4А үйдің маңында жүргізіліп жатыр. Жұмыс кезеңінде Тышқанбаев көшесінен Байқоңыр көшесіне дейінгі аралық жабылды.

"Жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі №2363 220 кВ электр беру желісінің кабельдік учаскесінің зақымдануына байланысты туындады. Соның салдарынан қазіргі уақытта энергия жүйесі мәжбүрлі түрде ажыратылған схема бойынша жұмыс істеп тұр. Бұл Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын электрмен жабдықтау сенімділігін төмендетеді", – делінген хабарламада.

Қалыпты жұмыс схемасын қалпына келтіру үшін "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандарына жолдың жүріс бөлігінің астында тікелей апаттық жұмыс жүргізу қажет.

Жұмыс қауіпсіздік талабын сақтай отырып, тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін бұзылған көріктендіруді қалпына келтіру жоспарланған.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан көлік қозғалысына енгізілген уақытша шектеуді ескеріп, бағытын алдын ала жоспарлауды ескертті.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған