Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 14 қыркүйекте таңертең және күндіз кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада 14 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 14 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, жалпы облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оралда 14 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Алматы облысының орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 14 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 14 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 14 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде нөсер жаңбыр болады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 14 қыркүйекте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 14 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 14 қыркүйекте батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 14 қыркүйекте күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 14 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, ал облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 14 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодарда 14 қыркүйекте таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланған болатын.