Бектенов жылжымайтын мүлік жобаларында токендеуді қолдануды тапсырды

Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 15 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында Қазақстанда токендеуді қолданудың жаңа мүмкіндіктері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол цифрлық активтер индустриясы Қазақстан экономикасы үшін мүлде жаңа бағыт екенін атап өтті.

"Цифрлық активтер нарығын дамытуға қажетті базалық жағдай жасалды. Енді біртұтас экожүйе қалыптастыру кезеңі жүріп жатыр. Бұл инвестиция мен жаңа технологияларды тарту, сондай-ақ отандық қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды. Біз цифрлық активтер мен жаңа қаржы құралдарын жалпы қаржы-технологиялық архитектураға кіріктіруіміз керек. Нақты активтерді токендеуді белсенді түрде дамыту қажет", – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің пікірінше, бұл экономикаға капитал тартудың тағы бір құралына айналады.


"Бізде ірі инфрақұрылымдық жобалар, жылжымайтын мүлік, шикізат және басқа да активтер бар. Осы жобаларға қосымша қаражат тарту үшін токендеуді қолдануға болады. Яғни салынып жатқан кез келген ғимаратты немесе жобаны инвесторлар қаржыландыра алатын цифрлық үлестерге бөлуге мүмкіндік бар. Кез келген адам осындай үлестің иесі бола алады. Ұлттық банк инвестиция тарту үшін бірінші кезекте цифрлық форматқа көшірілетін активтердің нақты тізімін айқындауы қажет. Бұл тетік нақты регламенттеліп, жүргізілетін мәмілелердің қауіпсіздігіне кепілдік берілуі тиіс", – деді Үкімет басшысы.

Қазақстанда шығарылған стейблкоиндермен қандай тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге болатыны туралы осы материалдан оқи аласыз.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді