Алматыдағы мейрамханада мас прокурор ұсталды деген ақпарат тарады

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 15 қыркүйекте әлеуметтік желілерде Алматы облысы прокуратурасының қызметкері Алматыдағы көңіл көтеру орындарының бірінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, оқиға 2026 жылғы 5 қыркүйекте болған.

"Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының аға прокуроры С. алкогольдік мас күйінде Алматы қаласындағы "Т." көңіл көтеру орнында қоғамдық тәртіпті бұзған. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған, осыған байланысты ұсталып, Алматы аудандық полиция басқармасына жеткізілген және уақытша ұстау изоляторына қамалған...", – делінген жарияланымда.

Сонымен қатар ұсталған прокурордың кейін босатылғаны айтылған.

Редакция түсініктеме алу үшін Алматы облысының прокуратурасы мен Алматы қаласының полициясына жүгінді.

"Бұл факт бойынша "102" пультіне қаладағы мекемелердің бірінде болған жанжал туралы хабарлама түсті. Оқиғаға қатысушылар Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады", – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Материал жарияланған уақытта прокуратура бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды